Самар ауданында футболдан облыстық турнир өтті
2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы жарыс Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жарысты Самар ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Доп додасына 6 команда қатысты. Олар: Катонқарағай ауданы, Самар ауданы, Алтай ауданы, Күршім ауданы, Үлкен Нарын және Абай облысына қарасты Көкпекті ауданының жас футболшылары қатысты.
Жарыс аудандық деңгейде дегеніміз болмаса, облыстық дәрежеде өтті. Жасыл алаңда ала допты аяқтарында ойнатқан спортшылар тартысты ойын көрсетті.
Ойын қортындысы бойынша 1-орынды Самар ауданы, 2-орынды Күршім ауданы 3-орынды Алтай ауданының командасы иеленді.