KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Жадыра Қанапиянова халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

25.02.2014, 18:00 211



Қостанай облысының Озёрное ауылында гир спортынан ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің барлық облысының, Астана мен Алматы қалаларының үздік спортшылары қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығысқазақстандықтар осы чемпионатта жақсы өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.

Әйелдер арасында 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спорт шебері Жадыра Қанапиянова осымен алтыншы мәрте мықтылығын дәлелдеп, жеңімпаз атанды. Жарыстарда үздік көрсеткіштерге жетіп жүрген Жадыраға халықаралық дәрежедегі спорт шебері талабын орындағаны жөніндегі куәлік тапсырылды. Владимир Гелерт, Әділ Әбдіғаниев, Думанай Мусин сынды жаттықтырушыларының баулуымен оның әлі талай спорт белестерін бағындырары даусыз.

Ерлер арасында 32 келі гир көтеруде бәсекеге түскен спорт шебері Константин Стародуюцев 78 келі салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, 68 келі салмақ дәрежесінде спорт шебері Бауыржан Бекбосынов үшінші орынды еншіледі.

Ал 1992-1995 жылдары туған жастар арасында 63 келі салмақта спорт шеберлігіне үміткер Ерзат Сақабанов екінші орын алды. Сонымен қатар 1996-1997 жылдары туған жасөспірімдер 24 келі гир көтеріп, бәсекеге түсті. 63 келі салмақта курчатовтық Александр Борисов екінші орынға ие болды.

– 1998-ші және одан кейінгі жылдары туған жасөспірімдер 16 келі гир көтеріп, өз өнерлерін ортаға салды. 53 келі салмақ дәрежесінде Әли Төлепов екінші орынды еншіледі. Біздің облыстың спортшылары шеберліктерін осындай жарыстарда шыңдай түсуде, – дейді облыс құрамасының аға жаттықтырушысы В.Гелерт.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив