KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Жаһандану жағдайындағы оқытудың өзекті мәселелері

23.02.2014, 18:00 437



Ағымдағы жылдың 21-ші ақпанында Семейдегі №34 мектеп және Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті бірлесіп, «Жаһандану жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты: жаһандану жағдайындағы қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелерін анықтай отырып, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жою жолдарын қарастыру.

Ұйымдастырушылар жоғарғы оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептер арасындағы сабақтастықты жүзеге асыру мен мектеп мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерін таратуды міндет етті. Кіріспе сөз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аккожина Р.М еншісіне тиді. Алғы сөзден кейін «Қазіргі қазақ әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы баяндамасымен университетіміздің филология факультеті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Ақтанова Айман Советқызы ойын ортаға салды. Оқытушылар тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасқаннан кейін қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Жұмағұлова Әлия Матайқызы «Жаһандану жағдайында қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары» атты баяндама жасады. Оқытудағы тиімді тәсілдер, Алматы кітап баспасынан шыққан қазақ тілі оқулықтарының ерекшеліктері жөнінде сөз етіліп, жан-жақты талдау жұмыстары жүргізілді. «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ауыз әдебиетінің рөлі» атты әдістемелік құралды бүге-шүгесіне дейін Досанова Г.К таныстырды. Мектептегі «Ізденіс» шығармашылық тобының жетекшісі Сейтқазина Н.З семинарды қорытындылап, университет мұғалімдеріне алғыстарын білдірді.

Данагүл Байболова, Семей қаласы
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив