KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттамайды

20.02.2014, 18:00 134



Семей қаласында дәрі-дәрмек бағасы тұрақты болады. Осыған орай ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, қалалық әкімдік, фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті және дәріхана иелері меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті бастығының орынбасары Ляззат Кусябгалиева айтқандай, министрлік әр өңірдегі дәрі-дәрмек бағасын қатаң түрде тексеріп отыр. «Ақпанның 11-і күні барлық дәрілердің бағасын анықтап алдық. Егер біреулер аяқ астынан өсіріп жатса, қатаң шара қолданылады. Баға мониторингі күн сайын жүргізіледі» – деді Л.Кусябгалиева.

Семейде барлығы жеті дәріханалық жүйе мен 170 дәріхана бар. Доллар бағамының өсуіне дейін дәріхана иелері бір айға жететін дәрі қорын жасақтап алған. Сондықтан да дәріханаларда баға өспейді.

– Мен бірнеше дәріхананың иесімін, – деді кәсіпкер Людмила Горина. – Дәрі-дәрмек қоры 2-3 айға толық жетеді. Көз тамшылары мен стерильді дәрмектерді тасымалдаушылар бағаны көтермесе болды, біздің тарапымыздан проблема болмайды.

Осылайша, бірқатар кәсіпкерлер уәделерін берді. Олар үшін көтерме саудамен айналысушы фирмалар бағаны тұрақты ұстаса болды. Фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің өкілі ірі тасымалдаушы фирмалармен келісімшарттар жасалуда екендігінен хабардар етті. Сондай-ақ, жиында дәрілік емес тауар түрлеріне қатысты да мәселе көтерілді.

Бұл проблемаға орай денсаулық сақтау басқармасының өкілдері фармацевтикалық қызметке жатпайтын фирмалардың өнімдерін тасымалдаушылардың тізімін түгелдей беруді сұрады. Олардың өнімдері де қатаң назарда болмақ. Жиында белгілі болғандай, кепілді тегін дәрі-дәрмек бөлу мәселесі бұрынғыдай кедергісіз жүре береді. Сөйтіп, жиынға жиналғандар баға тұрақтылығына орай өзара меморандум бекітіп, келісімшарттарға қол қойды.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив