KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
441.41 477.78 4.84

ШҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды

26.01.2014, 18:00 119



Пара алды деген күдік бойынша ШҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары ұсталды, деп жазады Yk.kz сайты.

Құқық қорғау органдарындағы мәлімет көздерінің дерегіне сәйкес, өткен жұма, яғни қаңтардың 24-де қаржы полициясы ШҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Құрманғалиевті қылмыс үстінде ұстаған. Әзірге белгілісі, пара көлемі 2 миллион теңге.

Облыстық әкімдік пен құрылыс басқармасы бұл мәліметті растап отыр, алайда орын алған қылмыстық оқиға туралы дәл қазір ешқандай ресми ақпарат жоқ.

Қаржы полициясы оқиғаның мән-жайы туралы ақпаратты бүгін береді деп күтілуде.

Ұлан Ақтайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив