KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Семейдегі құрылыс колледжінің директоры пара алғаны үшін сотталды

6.02.2012, 18:00 200


Семейде бұрынғы құрылыс колледжі директорының орынбасары пара алғаны үшін сотталды. Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыс колледжі директорының орынбасары 2011жылғы 11 шілдеден бері аталмыш оқу орны директорының міндетін атқарушы болған.

Ол өзінің қызмет жағдайында жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби мамандар даярлайтын жеделдетілген үш айлық курстардан өту жайлы куәлік бланкілерін алуға мүмкіндігі болған. Осы мүмкіндікті пайдаланған ол мүдделі адамдарға жалған куәліктер дайындап бергені үшін бірнеше рет пара алған. Ал шындығына келгенде бұл құжаттағы адамдар ешқандай курстан өтпеген. Колледж қызметкері алған параның жалпы көлемі 163 мың теңгені құраған. Сөйтіп ол өткен жылғы шілдеде бұлтартпас айғақпен ұсталған. Сот шешімімен құрылыс колледжі директорының бұрынғы орынбасарының мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив