KZ
Өскемен
+5°
туман жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Серебрянск бейорганикалық өнімдер зауыты қайтадан іске қосылады

13.01.2014, 18:00 129



Полиэтиленнен жасалған бұйымдар мен тыныс алу жолдарын қорғауға арналған заманауи респираторлар, өнеркәсіптік фильтрлер шығаратын Серебрянск бейорганикалық өнімдер зауытының жұмысы қайта жанданады.

10 мың тұрғыны бар шағын қаладағы зауытта 500-ге тарта адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын 2011 жылы «БТА банкке» 1,8 млрд. теңге қарыз болып, сол жылы тамыз айында тірлігін тоқтатқан болатын. Осы орайда қала түзуші кәсіпорын «Ертіс» ӘКК иелігіне өткен. Облыс бюджетінен бұл компанияны сауықтыру үшін 110 миллион теңге бөлінген. Алайда, қаржы игеріліп, зауыт жұмысы қайта қаңтарылады.

Айта кету керек, алдағы уақытта жұмысы құрдымға кеткен зауытқа «Қазинжиниринг» компаниясы инвестиция құймақ. Зауыттың қарызын өтеу үшін «Қазинжиниринг» Серебрянскте улы газден қорғайтын тұтқыш (противогаз) өндірісін іске қосуға әзір.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев кәсіпорынды қалпына келтіруге 2014 жылы облыстық бюджет тарапынан қолдау көрсету жалғасатын айтты. Сонымен қатар, Қорғаныс минситрлігі, Төтенше жағдайлар министрліктерімен және көршілес елдермен байланыс орнатып, зауыт өнімін саудаға шығару жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

ШҚО Ақпарат орталығы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив