KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

30.12.2013, 18:00 117


Құрметті шығысқазақстандықтар! Ардақты ағайын!

Санаулы сәттерден кейін біз 2013 жылды да тарих қойнауына шығарып саламыз. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін қарқынды еңбек, үлкен жетістіктер мен зор табыстар жылы болды!

Шығысқазақстандықтар еліміздің әлемнің анағұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік беретін «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасының міндет-терін белсенді іске асыруға кірісті.
Облыста жаңа өнеркәсіп орындары және өндірістік цехтар, тұрғын үй және спорт кешендері салынуда. Жолдар мен көпірлер, мектептер мен ауруханалар пайдаланылуға берілуде.

Өтіп бара жатқан жыл рекордты өнім жылы болды. Өңір диқандары бір миллион тоннадан артық астық өсіріп, ысырапсыз жинап алды.
Жыл ішінде алты мыңға таяу жұмыс орны ашылды.

Инфляцияға қарсы шаралар бізге азық-түлік бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Облыстағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады, бұл – еліміздегі ең төменгі көрсеткіш.
II халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» форумы, өңіраралық ықпалдастыққа арналған республикалық форум, «Туған жерге – тағзым» акциясының бес жылдығы өткен жылғы айтулы оқиғалар қатарын құрады.
Біз өтіп бара жатқан жылды лайықты шығарып сала отырып, болашағымызға нық сеніммен қараймыз.

Қымбатты жерлестер!
Сіздерді халқымыз үшін қасиетті түлік, «ер қанаты» саналатын, қуаттылық пен еңбекқорлықтың, болашаққа ұмтылыс символы – Жылқы жылымен құттықтаймыз!
Жаңа жыл баршаңызға мықты денсаулық сыйлап, отбасыларыңызға береке-бірлік, кең пейіл, кетпес ырыс әкелсін! Еліміз аман, жеріміз тыныш болып, Отанымыз өркендей берсін!

Бердібек САПАРБАЕВ,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Григорий ПИНЧУК,
облыстық мәслихаттың хатшысы

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив