KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОБ
441.66 475.14 4.86

Ауылдарға таза су қашан келеді?

29.12.2013, 18:00 282



– Күршім ауданының Теректі, Қалжыр, Боран, Құйған ауылдарында ауызсу ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Ауылдарымызда таза су қашан болады?

А.Мұхаметжанов,
Теректі ауылы, Күршім ауданы.

Оқырманның сауалына ШҚ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Айтқазы Шерубаев жауап береді:

– 2011-2015 жылдарға арналған Күршім ауданының аумақтық дамыту бағдарламасы бойынша Күршім, Теректі, Боран, Қалжыр, Барақ батыр, Маралды, Сарыөлең, Төсқайың, Ұранхай және Бурабай ауылдарында 10 су құбыры нысанын салу жоспарланған. Нақты Теректі ауылында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу 2014 жылға жоспарланып отыр. Ал Қалжыр ауылында 2011-2012 жылдары іздестіру-барлау жұмыстары жүргізіліп, биыл жергілікті бюджеттен жобалау-сметалық құжаттарын жасауға қаржы бөлінді. Мемлекеттік сараптаудың оң шешімі шыққан соң, сумен қамту желісінің құрылысы басталады. Боранда 2011-2012 жылдары барлау жұмыстары жүргізілді, биыл жергілікті бюджеттен ЖСҚ-ға қаржы бөлінді, құрылыс мемлекеттік сараптаудан өткен соң басталады. Құйғанда геологиялық-барлау жұмыстары келесі жылы басталмақ.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив