KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

Талдықорғандықтар Шығысты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15.12.2013, 18:00 147



Құрметті шығысқазақстандықтар!
Біздің еліміз өзінің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлауда.
Биыл – егемен еліміз үшін ерекше жыл. Өйткені, биыл – жаңа «Қазақстан-2050» ұлттық Стратегиясының жүзеге аса бастаған жылы. Және ол «Қуатты аймақ – қуатты Қазақстан» атты аймақаралық интеграция аясында жүзеге асуда.

Шілде айында Өскеменде Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының қатысуымен республикалық өңіраралық форумы өтіп, оның қорытындысында аймақаралық байланыстарды нығайту, өзара сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды нығайту бойынша төртжақты келісімге қол қойылған болатын.

Прогресс жолындағы өзара әріптестік – елімізді дамытудың бірден-бір қуатты жолы. Біз ендігі жерде тіптен жақындаса түстік. Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы бір-біріне шекаралас жатқан аймақтар болып табылады. Енді екі облысты экономикалық және достық байланыстар біріктіре түскендей.

Мен сіздерді жер жәннаты – Жетісу тұрғындары атынан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Барша-ңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, жемісті еңбек және барлық мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспін! Мекендеріңізде тек тыныштық, тұрақтылық және молшылық болсын!

Аңсар МҰСАХАНОВ,
Алматы облысының әкімі




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив