KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Тракторларға арналған аспалы қондырғылар өзімізде шығарылып жатыр

19.08.2013, 18:00 146


Шығыс Қазақстандағы «1 Май» механика зауытында тракторларға арналған аспалы қондырғылар шығарылып жатыр. Қар тазалауға арналған мұндай құрал-жабдықтар әзірге Ресейде ғана шығарылып келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы төрт облыстың коммуналдық шаруашылық саласы мен кәсіпорындарына осы аспалы қондырғыларды, «Теньши» кәсіпорнында өндіріліп жатқан асфальт-бетон қоспаларына қажетті минералды ұнтақты сатып алуды да ұсынып отыр.

Бұл жобалар «Қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан» атты өңіраралық интеграция форумы аясында жасалған уағдаластық келісімдер арқылы жүзеге аспақ.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив