KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Мемлекет меншігіндегі 16 нысан жеке кәсіпкерлерге беріледі

28.11.2013, 18:00 122


Өңірдегі мемлекет меншігіне қарасты 16 нысан шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің иелігіне берілмек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Соның бірі – Өскемендегі «Өскемен-Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталған кәсіпорынның 51 пайыз жарғылық капиталы жекешелендіруге жатқызылмақшы. Сауда ағымдағы желтоқсан айының 4-і күніне белгіленіп қойыпты.

Жекешелендіру науқаны, сондай-ақ, Семей мен Курчатов қалаларындағы, Аягөз, Зайсан, Шемонайха және Катонқарағай аудандарындағы бірсыпыра серіктестіктерін қамтиды деп отыр облыстық қаржы басқармасының өкілдері.

Естеріңізге салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік және коммуналдық меншік иелігіндегі бюджет қаржысына ұстауға қажеттілік жоқ нысандарды түгелдей жекешелендіру туралы тапсырма берген болатын-ды. Мінеки, осы міндетті орындау мақсатында жергілікті атқарушы билік жақын келешекте 16 нысанды жекеменшікке беруге дайын.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив