KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Бүркітші қыз Айшолпанға пәтер кілті табысталды

12.10.2024, 17:55 1 318 Назерке Каримова

Дүбірлеп өткен “Шығыс салбурыны” фестивалінің ешкім күтпеген шарықтау шегі - осынау бүркіт әлемін Шығысқа алақандаған Айшолпан Нұрғайыпқызына пәтер кілтінің табысталуы болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Даланың алыптарын сахна төріне шығарып, жеңімпаздар марапатталған жерде Айшолпанды да аталмыш тосынсый күтіп тұрды. Соңғы сәтке дейін мұндай байызғыдан еш хабары болмаған қазақтың қыранды қызы көзіне жас ала тұра, ел ағаларына ерекше алғыс білдірді.

- Мен мұндай сый күтпедім. Баспаналы болу әр азамат пен азаматша үшін өзекті нәрсе. Облыс басшылығына, Құсбегілер Федерациясының Президентіне алғысым шексіз, - деді Айшолпан.

Қазақстанның тәжіндегі інжу-маржан саналатын Шығыс өңірін асқақтатып, туризм серпілуіне атсалысқан қаршадай батыр қыздың ел дамуына қосқан үлесі осылай бағаланды. Алдағы жылы келер қонақ та, қатысар жарыскерлер де еселей көбейеді деп күтілуде.

 

Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу