KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, З
487.24 529.34 5.02

Шығыс Қазақстанда жауапсыз мердігерлерден 795 млн. теңге бюджетке қайтарылды

7.11.2013, 18:00 103


Шығыс Қазақстанда екі жылдың ішінде жауапсыз мердігерлерден 795 млн. теңге бюджетке қайтарылды деп мәлімдеді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Серік Төленбергенов облыстық ақпарат орталығында өткен брифингте, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Басқарма басшысының айтысына қарағанда, бұл бағыттағы жұмыстар ешқашан бәсеңсімейді. Барлық түйткілді нысандар құрылыс басқармасының да, жергілікті биліктің де жіті назарында екен. Олардың аяқсыз қалуына жол берілмейді.

Мысалы, «Құмаров и К» ЖШС-нің жылдар бойы атқарған қызметіне талдау жасалыпты. Бұл мердігер соңғы кезде алған нысандардың көбін мерзімінде қолданысқа бермегенімен қоймай, қаржыны негізді игермеген. Сондықтан ісі сотқа беріліп, серіктестік басшысы қазір қамауға алынған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив