KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
487.24 529.34 5.02

Құрметті шығысқазақстандықтар және қала қонақтары!

Кеше, 12:00 42 Төлеуғазы Жансая

Сіздерді 18 қазан сағат 18.00-де облыстық филармония сахнасында өтетін «Туған жер-алтын бесігім» жобасы аясында ұйымдастырылған Риддер қаласының шығармашылық ұжымдарының Гала концертіне шақырамыз!

Кеш аясында Риддер қаласының халық шығармашылығы көрмесі өтеді.

19 қазанда сағат 7.00-де Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайында орналасқан Шығыс–Алтай сауда орталығы алаңында Риддер қаласының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, қол күрес, арқан тарту, гір көтеруден сайыстар мен көркем өнерпаздар концертін тамашалай аласыздар!

Сағат 11.00-де Ольга Рыпакова атындағы Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетика орталығында садақ атудан Риддер қаласы әкімінің кубогы өтеді. Жүлде қоры - 600 000 теңге.

[media=https://youtube.com/shorts/vPiB3hGsG2M?si=FmAAoGL2UkN6zuVH] 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив