KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

Сахна төріне түрлі-түсті жарық экран (Led-экран) орнатылды

30.10.2013, 18:00 173


Абай аудандық мәдениет үйінің сахнасына түрлі-түсті жарық экран (Led-экран) орнатылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс орталықтарында мұндай экрандарды орнату баяғыда-ақ дәстүрге айналған десек те, ауылдағы ағайын үшін бұл – соны жаңалық. Қазір тұрақты жұмыс істеп тұрған қондырғы сахнаның сәнін арттыруда. Ол концерттер мен мәжіліс кездерінде әр шығарманың өзіндік табиғатына сай мазмұнын ашып, кестелермен, фото-слайдтармен толықтырып тұрады.

Қарауылдағы «Аға сұлтан» атындағы орталық алаң төріне орнатылған түрлі-түсті алып экран да бір сәт жүргіншілердің көңілін сергітіп, жылдам ақпаратпен қамтып, әсем әуен, көңілді бағдарламаларымен жағымды әсер сыйлап келеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив