KZ
Өскемен
+24°
пасмурно жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды

27.10.2013, 18:00 133


Семейде екі ер адам азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар сатушыны газ пистолетімен қорқыта отыра 2 бөтелке арақ, 2 бөтелке сыра, 2 қорап темекі, 1 шұжық және бір тілім ірімшік алып кеткен. Қарақшылар кеткеннен кейін есін жиған сатушы полицияға хабарласқан.

Полицейлердің жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында қаскүнемдер «іздері суымай» қолға түсті. Олар бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 39 және 36 жасар жергілікті тұрғындар болып шыққан. Ұрланған заттар мен «Вальтер» маркалы газ пистолеті тәркіленді.

Қазіргі уақытта екі күдікті медициналық айықтырғыш мекемесінде, кейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынады.

Олардың үстінен ҚР ҚК 179-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив