KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Зейнеткерге шабуыл Семейде жасалды

7.10.2013, 18:00 117


Ағымдағы жылдың 6-қазанында шамамен сағат 22:30-да Семей қаласы маңындағы ауылда белгісіз екі ер адам 72 жасар зейнеткердің үйіне кіріп, оның қолдарын белбеумен байлап, пышақпен қорқыта отыра, ашық түрде 222000 теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Қаскүнемдер кеткеннен кейін, жәбірленуші өз бетімен босап шығып, полицияға хабарласқан.

Хабар ала салсымен, полицейлер қаскүнемдерді анықтау және ұстау бойынша шұғыл шаралар жүргізді. Жолдарды жауып тастап, таяу маңдағы аумақтарды тексерді. Осындай жедел-іздестіру шалаларының нәтижесінде Семей қалалық ІІБ және Затон ПБ жедел қызметкерлері 1976 ж.т. және 1984 ж.т. екі күдіктіні қолға түсірді. Екеуі де бұрын сотталған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, олар өз кінәләрін мойындады.

Ұрланған заттар жартылай тәркіленді. Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив