KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Өскеменнің енжар тұрғындары жылусыз қалды

23.10.2013, 18:00 120


Өскеменде көпқабатты оннан астам тұрғын үйге әлі жылу берілген жоқ. Өйткені тұрғындар өздері тұратын үйлердегі коммуникациялық жүйелерді жылу қабылдауға дайындау міндетінен бас тартып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Қысқа дайындық штабында мынандай шешім қабылданды. Егер жылумен қамту жұмыстарының уақытын шегеру тек ПИК-тер жалпы жиында осы шаруаларды орындауды тұрғындар өз міндеттеріне алғаны туралы қол қойылған хаттаманы ұсынғанда ғана рұқсат етілуі тиіс. Бірақ жүйелерді жуу, қысыммен айдау сияқты қауіпсіздік шаралары міндетті түрде жүргізіледі, ал қалған жұмыстар тәртіпке сәйкес атқарылады, – дейді «Жылу желілері» АҚ-ның техникалық директоры А.Сурченко.

Былтыр бұл міндеттерді орындауға ПИК-тер мен жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері кепілдік берген. Бірақ сол міндеттерді орындамай, суық түсіп кеткендіктен, үйлер дайын болмаса да жылуға қосылған. Нәтижесінде үлкен шығын келген. Сондықтан келеңсіз жағдай биыл тағы қайталанбас үшін жауапты мекеме осындай қатаң қадамға барып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив