KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Шығысқазақстандық депутат Оксфорд саммитіне қатысады

15.10.2013, 18:00 158


ШҚ облыстық мәслихатының депутаты, Дүние-жүзілік академиялық аккредитациялық және аттестациялық комитеттің (МАААК) ұйғарымы бойынша «Білім саласындағы ғылым докторы» дәрежесін иеленген Ержан Құттыбаевқа Ұлыбританияда өтетін «Оксфорд саммитіне» қатысуға шақырту келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz .

«Ғылым және білім» тақырыбындағы аталмыш саммитке ол педагогика саласы бойынша жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары, халықаралық конференцияда (2003 жыл) оқыған мазмұнды баяндамасы, үнемі іздену еңбектерінің арқасында және әр сала бойынша атқарған қоғамдық жұмыстары негізінде шақырту алып отыр.

Ағылшын жеріндегі айтулы шара аясында шақырылған қатысушыларға салтанатты түрде марапаттар, ескерткіш атрибуттары табыс етілетін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив