KZ
Өскемен
+10°
пасмурно Штиль
441.44 473.09 4.75

Ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды

19.04.2012, 18:00 269



«Қазіргі заманғы биоматериалдар, наноматериалдар және наномедицина мәселелері» І-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында 18 сәуір күні Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Радиологиялық технология университетімен (АҚШ) ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.

Екі жақты келісімге қол қою үшін университетке ресми сапармен Радиологиялық технология университетінің президенті доктор Брент Мерфи және бағдарлама директоры доктор Ренат Летфуллин келді.

Келісім шартқа сәйкес Радиологиялық технология университеті мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті арасындағы наномедицина және медициналық физика бойынша академиялық дәреже беретін екі дипломды MS білім беру бағдарламасы іске асырылмақ.

Радиологиялық технология университеті медициналық физика, денсаулық сақтау саласындағы медициналық физика, медициналық дозиметрия және наномедицина саласындағы магистр академиялық дәрежесін беретін арнайы мамандандырылған оқу орны болып табылады.

Радиологиялық технология университеті XXI ғасырдағы ғылым мен техниканың жедел және тұрақты дамуы кезінде нанотехнология мен наномедицина бағытына арналған білім беру бағдарламасын дайындады. Наномедицинаны зерттеу диагностика мен терапияны жаңаша түсінуге мүмкіндік береді. Бұл инновациялық магистерлік бағдарлама нанотехнология саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді оқытады. Бағдарлама наномедицинаны пайдалана отырып диагностика мен терапияға үлкен көңіл бөледі. Зерттеулер мен білім беру ауруларды емдеудің инновациялық әдістерін және оларда пайдаланылатын құралдарды жетілдіруге қолданылады.

Радиологиялық технология университетінің бағдарламасы еліміздегі алғашқы және нанотехнология мен медицина арасындағы қашықтықты қысқартуға себеп болады. Радиологиялық технология университетінің факультетінде магистранттар осы жаңа сала бойынша қажетті деңгейде білім алады.

Жаңа білім беру бағдарламасы бойынша білім алған әрбір магистрант Радиологиялық технология университеті мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің жеке академиялық дәрежесін алады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив