KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Өскеменде балаларға ыстық тамақ бермейтін мектеп бар

4.08.2013, 18:00 95


Өскеменде балаларға ыстық тамақ бермейтін жалғыз мектеп бар. Ол Ново-Троицк ауылында орналасқан. Бір қызығы – бұл білім ұясы облыс орталығынан елу шақырым қашық жатса да ресми түрде қалаға қарайды екен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұған жауапты мамандардың айтуына қарағанда, мектепте ыстық тамақ берілмеу себебі, білім мекемесі былай тұрып, мұқым ауылда орталықтандырылған ауызсумен қамту жүйесі жоқ көрінеді. Сондықтан ас әзірлеп, оқушыларды ауқаттандыру да қиынға соғатын жайы бар.

Қазір ауылда скважина бұрғылау жұмыстары жүруде, ол қараша айының ортасына дейін жалғаспақ. Бұйыртса, көп ұзамай бұл ауылдың балалары да ыстық тамақ ішіп қалар деген үміт бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив