KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
476.27 515.47 5.41

«ВК Бекон» ЖШС-іне жабылып қалу қаупі төніп тұр

6.10.2013, 18:00 77


Ұлан ауданы Восточное ауылындағы «ВК Бекон» ЖШС-іне жабылып қалу қаупі төніп тұр. Осыған орай кәсіпорын басшылары ШҚ облысы әкімінен араша сұрады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«ВК Бекон» ЖШС-де 3200 бас шошқа өсіріледі. Шаруашылықтың қоралары, шошқа сою цехы, зертханасы мен мұздатқыш бөлмесі бар.

Соған қарамастан кәсіпорынның жабылып қалу қаупі бар. Өйткені оларға Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті жарты миллиард теңгеге жуық айыппұл салып отыр. Егер айыппұлды төлейтін болса, кәсіпорынға жабылып қалуға тура келеді.

– Бұл талапты бізге экология департаменті қойып отыр. Мекеме көп жылдан бері келісім бойынша шошқаның қиын тыңайтқыш ретінде «Екімбаев» шаруа қожалығына жеткізіп беруде. Ал бізге оны Ертіс өзеніне төгіп жатыр деген айып тағылуда, – дейді серіктестіктің экологы Роман Честных.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев бұл мәселені түбегейлі зерделеп көретінін, қандай жағдай болса да, ЖШС жұмысының тоқтатылуына жол берілмейтіндігін жеткізді.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив