KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Ауған жауынгерлерінің ескерткіші жөнделіп жатыр

1.10.2013, 18:00 45


Өскемен қаласындағы ауған жауынгерлерінің ескерткішін жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 4 миллион теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Бұл қаражат орташа жөндеуге жетеді. Қосымша қаражатты өз күшімізбен жинаймыз, -дейді ШҚО ауған жауынгерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Денякин.

Төрағаның айтуынша, қазан айының ортасына дейін мемориалдағы Мәңгілік оттың жанарғысын, жарығын жөндеу, плиталарын қайта ауыстыру жұмыстары аяқталуға тиіс.

Ескерткіштің тақтасына сонымен қатар, семейлік интернационалист жауынгерлердің есімі жазылатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив