KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Өскемен-Рахман қайнарлары тас жолының бойында тағы бір жол-көлік апаты орын алды

30.09.2013, 18:00 110


Өскемен-Рахман қайнарлары тас жолының бойында тіркелген тағы бір жол-көлік апатында бір адам қайтыс болып, үш адам жарақаттанды. Қазір осы қайғылы оқиғаға қатысты қылмысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр, делінген облыстық жол полициясы таратқан ақпаратта, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл көлік оқиғасына да түнгі уақытта жол беріліп отыр. Тас жолдың 107-шақырымында сағат 21.40 минутта Ауди-100 шетелдік көлігі жол шетінде түұрған ГАЗ-53 көлігіне келіп соғылған. Қатты соққыдан 62 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Ауди-100 көлігінің 61 жастағы жүргізушісі мен салонда болған 59 жастағы жолаушы және 3 жасар сәби әртүрлі жарақат алды.

Зардап шеккендер Катонқарағай ауданындағы №2 медициналық бірлестікке жеткізілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив