KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
471.83 505.66 5.4

Өскемен-Зырян тас жолында аударылған көліктің ішінде жасөспірім мен 19 жасар бойжеткен жарақат алды

10.11.2013, 18:00 131


Шығыс Қазақстанда Өскемен-Зырян тас жолының бойында аударылған көліктің ішінде отырған 10 жастағы қыз бен 19 жасар бойжеткен жарақат алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Жол-көлік апаты Өскемен-Зырян тас жолының 15-шақырымында тіркелген. Облыстық әкімшілік полициясының берген ақпараттарына сүйенсек, MMC Space wagon шетелдік көлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай қалған.

Соның салдарынан аударылған көлікте отырған жүргізушінің 10 жастағы қызы мен тағы бір жолаушы зардап шекті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив