KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
476.27 515.47 5.41

Үлкен жолда соғылған екі КамАЗ көлігі бір адамның өмірін қиып кетті

14.06.2013, 18:00 137


Алматы-Өскемен тас жолының 631 шақырымында екі КамАЗ жүк көлігі соғылып, бір адам қайтыс болды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының мәліметіне жүгініп.

«Алматы-Өскемен тас жолының 631 шақырымында жол-көлік апаты тіркелді . КамАЗ-53215 көлігінің жүргізушісі түнде жол шетінде тұрған КамАЗ-5510 көлігіне соғылды. Апат салдарынан жол шетінде тұрған көліктің ішінде отырған 48 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екінші көліктің жолаушысы бас жарақаты және көптеген сынықтармен ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив