KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі жасырын сапармен Шығыс Қазақстанға келуі мүмкін

25.09.2013, 18:00 189


Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі және Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі Тони Блэр ресми емес, жасырын сапармен Шығыс Қазақстанға келуі мүмкін, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сенімді көздердің берген мәліметтері бойынша, ағылшын саясаткері бұған дейін Ақтау қаласында болып қайтқан.

Лауазымды қонақтың Ақтауға сапары өте құпиялы өткендіктен, оның келіп-кеткені туралы ақпарат тек бірнеше күннен кейін ғана белгілі болды. Құқыққорғау орындардағы көздердің берген мәліметтері бойынша, Тони Блэр МАЭК пен теңіз портында болып, облыс әкімі Алик Айдарбаевпен кездескен.

Саясаткердің сапарының мақсаты мен облыс әкімі арасында қандай келіссөздер жүргізілгені белгісіз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив