KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

Аккредитация білім сапасын толық бағалауға мүмкіндік береді

17.09.2013, 18:00 94


Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте 24-26-қыркүйек аралығында институционалдық аккредитация аясында университет жұмысын бағалау жөніндегі аккредитация мен рейтингтің Тәуелсіз Агенттігінің сыртқы эксперттік комиссиясы өз жұмысын бастамақ , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖОО жұмысы кәсіби талаптарға сәйкес келуге тиіс, соған байланысты Ұлттық және халықаралық агенттіктердегі оқу бағдарламалары мен институционалдық бағалауға аккредитацияның қажеттілігі айқындалады. Бұл жағдай еңбек нарығына білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Негізінде ЖОО-ның немесе жеке білім бағдарламаларының аккредитация үрдісі ерікті түрде жүзеге асады. Ол жоғарғы білім берудің сапасын қамтамасыз ету жүйесінің принциптерінің бірі болып есептеледі. Сол себепті университет жетекшілігі аккредитациядан өту шешімін қабылдады. Аккредитация білім сапасын толық бағалауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда аккредитациядан өтуге дайындық жұмыстары аяқталып, университет қызметіне байланысты бағалау жұмыстары қорытындыланды. Осынау оқу орны ұжымы алдағы уақытта күтіп тұрған жауапты сынақ – сыртқы экспертті комиссияның келуін күтуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив