KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Жасөспірімдер арасында тіркелген 40 суицид фактісінің 11 қайғылы аяқталған

17.09.2013, 18:00 164


Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіші жыл басынан бері 15 пайызға кемігені байқалады. Облыстық ІІД-нің бастығы Рашид Жақыповтың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алудың тұтас бір жылға арналған бағдарламасы әзірленіп, сегіз ай бойы соның аясында бірқатар шаралар өткізілген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәселен, жыл басынан бері білім беру мекемелерімен, ерікті топтармен, ата-аналармен бірлескен 800 рейд жүргізіліп, 300 құқықбұзушылық анықталған. «Туризм нашаға қарсы», «Құқық және спорт», «Мектепке жол» сияқты акциялар біртіндеп нәтижесін бере бастаған. Жасөспірімдердің қолымен жасалған жүгенсіздіктер саны бойынша қалалар арасында Семей мен Өскемен көш бастаса, аудандар арасында Үржар, Катонқарағай, Зырян, Күршім аудандары алға шыққан. Ал жеткіншектер арасындағы суицид жағдайлары 40-қа жеткен. Оның көбі Семей мен Риддер қалаларына тиесілі. Бұл нәтижені жақсарта түсу үшін ЮНИСЕФ ұйымының арнайы бағдарламасы аясында денсаулық сақтау, білім беру мекемелерімен бірлескен шаралар атқарылуда.

Мектептегі ахуалды құқық қорғау орындарының бақылауында ұстау үшін қазіргі 179 мектеп инспекторларының қатарына тағы 63 маман қосу қажет. Бұл мәселе жыл аяғына дейін шешімін табуы тиіс. Білім беру мекемелерінің жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда атқаруы тиіс жаңа міндеттері де айқындалды.

Білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиевтің айтуынша, мектептерде тіркелген құқықбұзушылықтарды мекеме басшыларының жылы жауып қоюы, білім ошақтарындағы психологиялық қызметтің жүйесіздігі, тәуекел тобына кіретін балалардың назардан тыс қала беруі бүгінгі жағдайға әкеп отыр.

– Мендегі мәлімет бойынша сегіз ай ішінде 378 қылмыс жасалған, жеті мың бала полиция бөлімшесінің табалдырығын аттаған. Бұл алаңдарлық жайт. Тіркелген 40 суицидтің 11-і қайғылы аяқталыпты. Осы жерде «Мектеп директорлары мен ата-аналар қайда қарады?» деген сұрақ туады. Бәрі айналып келгенде тиісті органдардың үйлесе жұмыс істемеуінен болып отыр. Спорттық және мәдени нысандарды жасөспірімдердің көңілін аулап, уақытын бөлетін орынға айналдырудың маңызы зор. Ерікті жасақтардың жұмысы қағаз жүзінде қалмауы керек. Көшедегі тәртіпті бақылау үшін барлық қала әкімдері «Сарбаз» жасақтарын атпен қамтамасыз етуі тиіс. Жалпы, бұл сала қызметкерлерінің 80 пайызы көлікпен қамтамасыз етілген. Ал оларды баспанамен қамту – жергілікті биліктің міндеті.

Жасөспірімдер арасында нашақорлық пен маскүнемдіктің белең алуына қарсы тұру – ең басты шаруа. Ондай істердің түбінде кім тұрғанын анықтамайынша, біржола құтылам деу бекер, – деді облыс басшысы Б.Сапарбаев жиында.

Есімжан Нақтыбайұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив