KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстан облысында наркологиялық аурушаңдық өскен

15.11.2012, 18:00 138


ШҚО бойынша 2012 жылдың тоғыз айында жалпы наркологиялық аурушаңдық 20,2 %-ға өскен. Есірткі заттарын қолдану салдарынан аурушаңдық 61,5 %-ға, уытты заттарды қолдану салдарынан аурушаңдық 14,0 % кеміп, ішімдік қолдану салдарынан аурушаңдық 18,3 % өсті, деп хабарлайды облыстың наркологиялық қызметінің мәліметіне сүйенген Аltaynews.kz тілшісі.

- Балалар арасындағы аурушаңдық ішімдік, есірткі заттарын, уытты заттарды қолдану салдарына байланысты 32,0 % өсті, - дейді облыстың наркологиялық бөлімінің бас дәрігері Х. Смағұлов. - Жасөспірімдер арасындағы аурушаңдық ішімдік қолдану салдарынан 18,6 %, есірткі заттарын қолдану салдарынан аурушаңдық 64,1 %-ға, уытты заттарды қолдану салдарынан аурушаңдық 2,2 % өсті.

Облыс бойынша барлығы 31698 адам бақылауда тұр. Соның ішінде 4007 әйел, 103 жасөспірім, 72 бала бар көрінеді.

Облыстың наркологиялық қызметі балалар мен жасөспірімдер арасында психикалық белсенді заттарды қолданудың белгілерін ерте анықтау және алдын алу бойынша біршама жұмыстар атқарған. Білім беру мекемелерінде психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықпен күрес және алдын алу бойынша мекеме басшыларымен бірлесіп жұмыс жоспары жасалған. Аталған шаралар Ішкі Істер департаменті, ШҚО білім беру департаменті және ШҚО Денсаулық сақтау департаментінің бірлескен бұйрығы шегінде жүргізіліп келеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив