KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Елімізде жасалған қылмыстардың 10 пайызы Шығыс Қазақстанның үлесіне тиеді

7.02.2013, 18:00 190


Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде қылмыс саны 40 пайызға өссе, соның 10 пайыздайы Шығыс Қазақстан облысында орын алған. Бұл туралы кеше өткен облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің кеңейтілген мәжілісінде сала министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Еліміздегі қылмыс санының өткен жылы 40 пайызға өсуіне қарамастан, қазіргі криминогендік жағдайды бірқалыпты деп бағалауға болады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 15-16 пайызға төмендеген, – деп атап өтті жиын басында ведомство басшысы.

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Рашид Жақыпов баяндамасында бірқатар мәліметтерді алға тартты. Өңірде қылмыс саны өссе де, олардың ашылу деңгейі жақсарған. Облыстағы қылмыстардың үштен екісі Өскемен, Семей, Риддер және Зырян қалаларында жасалады екен. Аймақтағы барлық қылмыстардың 90 пайызы аталған қалалар мен Глубокое, Жарма, Аягөз аудандарына тиесілі.

Елімізде жасалған қылмыстардың 9,8 пайызы – Шығыс Қазақстанның үлесінде. Былтыр аймақтағы қылмыстар саны 15,7 пайызға артқан (25600 қылмыс), сондай-ақ алдын алу жұмыстарына, тергеу іс-шараларына қатысты да олқылықтар бар. Алайда, ауыр әрі аса ауыр қылмыстар 36 пайызға, кісі өлтіру 29 пайызға азайып отыр. Мәжілісте аталмыш мәселелер талқыға салынып, олардың шешу жолдары қарастырылды.

Ердан Әбішұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив