KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Көлік астына түскен велосипедші оқиға орында қайтыс болды

20.10.2013, 18:00 88


Шығыс Қазақстанда көлік астына түскен велосипедші оқиға орында қайтыс болды. Жүргізуші апат болған жерден қашып кеткен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясының мәліметіне сәйкес, Шар қаласында Тойота Чайзер шетелдік көлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, жол шетінде келе жатқан 64 жастағы велосипедшіні қағып кетті. Зейнеткер алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жол-көлік апаты таңғы сағат 6 шамасында орын алғандықтан, жүргізуші маңайда ешкімнің жоғын пайдаланып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 24 жастағы күдікті жігіт қолға түсті. Ол Шар қаласының тұрғыны болып шықты.

Осы оқиғаға қатысты қылмысты іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив