KZ
Өскемен
+12°
пасмурно Штиль
442.05 474.14 4.74

Көлікті мас кезінде басқарған жүргізуші ғимаратқа соғылды Семейде

14.12.2013, 18:00 135


Көлік басқаруға ішімдік ішіп алып отырған 23 жастағы жігіт ғимаратқа соғылды Семейде. Көлікте отырған 26 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

ШҚ облыстық әкімшілік полициясы қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, 23 жасар жүргізуші Тойота Чайзер автокөлігімен келе жатып Народная көшесіндегі су тартатын станцияның ғимаратына соғылған. Оның үстіне жүргізушінің жүргізушілік куәлігі де болмаған. Қазір осы жол апатына қатысты қылмысты іс қозғалды.

Көлікті мас кезінде басқарған 25 жүргізуші ұсталды бір тәуліктің ішінде Шығыс Қазақстанда. Кезекшілік тәулікте Шығыс Қазақстанда жол қозғалысы ережесін бұзған 600 факті тіркелген. Жол сақшылары қауіпсіздік белдігін тақпаған 70 адамды әкімшілік жауапқа тартты. Сонымен қатар жолда жүру ережесін сақтамаған 56 жаяу жүргінші жауапқа тартылып, айып салынды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив