KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Көліктік-логистикалық орталық Семейде салынады

15.09.2013, 18:00 146


Семейде 2016 жылға дейін көліктік-логистикалық орталық салынады. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Кешен арқылы жылына 11,5 млн.

тонна жүк тасымалданатын болады. Оны құрудағы басты мақсат тек жүктерді өңдеу ғана емес, сондай-ақ кедендік рәсімдеу болып отыр. Қытайдан Семейге жүк түсіп, ол кедендік тазартудан өтеді де, әрі қарай Ресей, Беларуссияға, Батыс Еуропаға жөнелтіледі, – дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, көліктік-логистикалық орталықтың Семейде салынуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, ол халықаралық автомобиль жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан. Мұнымен қатар, Семей арқылы трансшекаралық Ертіс өзені ағып өтсе, өңірдегі теміржол мен халықаралық әуежай да логистиканы дамытуға ықпал етпек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив