KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Зырянда «Әлем Жүгірісі» эстафетасы басталды

10.09.2013, 18:00 242


Зырянда «Әлем Жүгірісі» эстафетасы басталды. Бұл жоба Қазақстан мен Ресейді жалғайтын Ертіс өзенінің экологиясына арналған. Омбы ауданындағы Загваздино қалашығында басталған эстафета қазақстандық Зырян қаласында жалғасын тапты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Алауды Павлодар, Семей және Өскемен қалалары арқылы жүгіріп алып өткен спортшылар 2 мыңнан астам шақырымды артқа тастап, Зырян қаласына жетті.

Командада Омбы, Минск, Сочи және Астана қалаларының спортшылары болды. Эстафетаның ең жас қатысушысы Шыңғыс Исқақов Астана қаласынан, ол биыл Омбы университетінің студенті атанды.

«Әлем Жүгірісі» эстафетасы бір мезетте 5 құрылықта жүреді, жалпы ұзындығы 70000 шақырымнан артық. Оның бастаушысы салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттаушы американдық Шри Чинмой . «Әлем Жүгірісі» алғаш рет 1987 жылы басталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив