"Бейбітшілік жүгірісі" эстафетасы Өскеменде
«Бейбітшілік жүгірісі» эстафетасы тізгінді Өскеменге бұрды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қатысушылар шаһар көшелерін аралап Амфитеатрда эстафета әнұранын орындады.
– Күнделікті күйбелең тіршіліктен жалыққан жандар үшін эстафета демалыс іспетті. Кең байтақ қазақ даласын кезіп, тау мен тасын, өзен-көлін, ну орманын көргенде жаның тынығады, әр аймақтан күтіп алар жұртшылық күш-қуат береді, – дейді эстафета қатысушысы Дәурен Оспанов.
Айтпақшы, ағымдағы жылдың 22 шілдесінен басталған эстафета тамыз айының 20-сында аяқталмақ.
Оқи отырыңыз