KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

«Мұзтаудың мұзбалағы» тыңдарманын тәнті етті

7.09.2013, 18:00 350


Дара дарынды, жасаң ғұмырлы жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойын Шығыс жұрты дүркіретіп тойлауда , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өскемендегі Жамбыл атындағы облыстық драма театрда Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының өнерпаздары аталмыш мерейтойға өз сыйларын тарту етті. Бұл Семейден келген әртістердің 68-ші маусымашары екен. Жаңа маусымның шымылдығын қадірлі қаламгер тойымен түрудің өзі бір қуаныш қой. Семейлік әншілер Өскемен жұртына өрелі өнер көрсетті.

Кеш Оралханға арнайы жазылған «Мұзтаудың мұзбалағы» атты әнмен басталды. Бұл ән – белгілі сазгер Тұрсынғазы Рақимовтың жаңа туындысы. Сөзі ақын Мұрат Тастағановтікі. Ән қайырмасы «...Қайдасың қасқа құлыным» деп «Алтайдың кербұғысын» сағына сағына еске алып отырады. Жаңа әнді Кенді Алтай жұрты жақсы қабылдады.

Бұдан кейін ұлылар елінен келген өрелі өнерпаздар халық әндерінің көрігін қыздырды. Алтай әндерінің алдыңғы қата-
рында тұратын «Гүлдариға», «Ағажай Алтай» сынды әндер талғампаз көрерменнің құмарын да, құлақ құрышында қан-дырды. Маусымашарда «Кербез» ансамблі, «Айназ» тобы сынды өнер ұжымдары кештің сәнін келтірсе, Мәдениет қайраткері Толғамбай Сембаев, Мәдениет саласының үздігі Гүлдана Ноғайбаева сынды әншілер тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.

Мұратхан Кенжеханұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив