KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
475.39 513.37 5.4

7-қыркүйекте Өскемен қаласында Тарбағатай ауданының мәдениет күні өтеді

4.09.2013, 18:00 203


7-қыркүйекте Өскемен қаласында Тарбағатай ауданының мәдениет күні өтеді. Осы күні Металлургтердің мәдениет сарайының алдында сағат 9-000-12-00 аралығында әдеттегідей жәрмеңке болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтысына қарағанда, тұтынушылар бұл жерден азық-түлікті арзан бағамен сатып ала алады. Ал кешке, сағат 19-00-де орталық мәдениет үйінде ауданның шығармашылық топтарымен қоса осы өңірден шыққан белгілі өнер қайраткерлерінің гала-концерті болады. Олардың ішінде Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген артист Майра Ильясова, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Клара Түленбаева, Еркін Шүкіманов, Гүлдана Ноғайбаева, опера әншілері Болат Қанағатов, Дархан Жолдыбаев, күйші Мұрат Әбуғазы, белгілі айтыс ақындары Серікхан Жақиянов, Абаш Какенов, Айнур Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Нұржан Өмірбаев, Қуаныш Шарманов, Рүстем Кайыртайұлы бар.


Анықтама телефондары: 8-777-269-14-26, 8-777-361-46-84, 8-701-608-85-45.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив