KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2,2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Семейде «Экология. Радиация. Денсаулық» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

30.08.2013, 18:00 172


29 тамызда Семей Мемлекеттік медициналык университетшде «Экология. Радиация. Денсаулық» атты IX жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.

Конференция барысында радиациялық экология мен қауіпсіздік, сонымен қатар экологиялық нашар аймақтарда тұратын халықтарды емдеу және реабилитациялау сұрақтары талқыланды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына Жапония, Оңтүстік Корея, Чехия, Финляндия, Үндістан, Ресейдің және тағы басқа елдердің үздік ғалымдары қатысты.

Мерейтой шарасының құрметті қонақтарының арасында Шимане Университетінің президенті Шотай Кобаяши, Нагасаки Университетінің вице-президенті Шуничи Ямасита; Хиросима Университетінің радиационды биология жэне медицина ғылыми-зерттеу институтынының профессоры, Масахару Хоши, Нагасаки Медицина Орталығының өкілі Шигето Маеда, «Хиросима-Семей» козғалысының координаторы Чиеко Кобатаке, Радиологиялық зерттеулер Ұлттық институтының өкілі Шигекатсу Фукуда және т.б. болды.

Сонымен катар мерейтойлық шараға ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің, республиканың емдеу-профилактикалык мекемелерінің, қалалық және облыстық әкімдік, ғылыми-зерттеу орталыктарының, ҚР және ТМД елдерінің зертханаларының, облыстық және қалалық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері катысты.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив