KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Шығыс Қазақстанның жол полицейлері облыстың үздік педагогтары мен ұжымдарын марапаттады

27.08.2013, 18:00 145


Тамыз мәслихатының шеңберінде Шығыс Қазақстанның жол полицейлері облыстың үздік педагогтары мен ұжымдарын марапаттады. Республика бойынша жас қозғалыс инспекторларының үздік отряды болып облыс орталығының оқушылары саналды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Балалар арасында жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша бірлесе атқарған жұмыс қорытындылары бойынша Шығыс Қазақстан «Балдаурен» балалар орталығында өткен жас қозғалыс инспекторларының Республикалық слетінде жеңімпаз атанды. Жол қозғалысы Ережелерін білу жағынан облыстың оқушылары екінші орын алды», деп атап өтті қалалық жол полициясы бөлімі бастығының орынбасары Еркін Әубәкіров.
Шығыс Қазақстанның жол полицейлері облыстың үздік педагогтары мен ұжымдарын марапаттады
Аймақтың үздік мұғалімдері мен ұжымдарына, ШҚ облыстық білім басқармасының қосымша білім басқармасы директоры Совет Әубәкіровке ШҚО ІІД-нің жол полициясы басқармасының Алғыс хаттары тапсырылды.

Балалар арасында жол-көлік жарақаттануының алдын алу жұмыстарына елеулі үлес қосқан Өскемен, Зайсан қалалары мен Үржар ауданының мұғалімдері марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив