KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Ұлттық спорт ойындары түрінен шығысқазақстандық команда республика көлемінде үздік шықты

21.08.2013, 18:00 133


Шығыс Қазақстан облысының жастар құрама командасы Жастар арасындағы ІХ көкпар, ІХ аударыспақ, ҮІІ теңге алу, ҮІІ қыз қуудан Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысып, олжалы оралды. Спорттық жарыс Қарқаралы қаласында тамыздың 11-17 аралығында өткен болатын.

Көкпардан І-топта, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының командаларымен бәсекеге түскен Шығыс Қазақстанның командасы ешқайсына дес бермей, финалға өтіп еді. Қорытынды ойында жамбылдық бәсекелестерінен ұтылып, Республика көлемінде екінші орынды иеленді.

Аударыспақтан 10 команда ішінде жұлдызы жанған жерлестеріміз 1-орынға ие болды. Қыз қууға қатысқан 8-команданың ішінде де шығыстық спортшылар озық шығып, 1-орынды жеңіп алды. Шығыстықтар мұнымен қанағаттанбай, 9 топтың ішінде теңге алудан да озық шығып, Чемпионат қорытындысы бойынша жалпыкомандалық 1-орынды иеленді.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив