KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Қысқы спартакиадада ШҚО құрамасы бірінші орынды жеңіп алды

31.03.2013, 18:00 170


Мектеп және колледж оқушылары арасындағы VІ қысқы республикалық спартакиада мәреге жетті.Жарыс қорытындысында ШҚО құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қысқы спартакиада аясындағы жарыстар биыл ақпан айында басталып, Петропавл, Астана және Риддер қалаларында спорттың он түрі бойынша өтті.

Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы мәнерлеп сырғанаудан басқа спорттың тоғыз түрі бойынша спартакиада бағдарламасындағы жарыстарға қатысты.

Жарыс қорытындысында ШҚО құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Қысқы спорттық бағдарлаудан жерлестеріміз Маргарита Гордеева, Татьяна Церр қарсыластарынан шеберліктері жоғары екенін көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Шаңғы жарыстары, биатлон спорт түрлері бойынша өрендеріміз үздік нәтижеге жетіп, жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтерілді. Шайбалы хоккейден екінші орынды иеленді. Ал қысқы Президенттік көпсайыс бойынша үшінші орынды еншіледі. Астанадағы «Алау» мұзайдында жас конькишілер сынға түсіп, Қостанай, Қарағанды облыстарының спортшыларынан кейін шығысқазақстандықтар үшінші орынды иеленді.

Петропавл қаласының «Қарасай» мұз айдындағы допты хоккейден өткен сайыстарда ел чемпионы мен
жүлдегерлері анықталды. Аса тартысты өткен жарыста қола жүлдеге шығысқазақстандықтар ие болды. Осы қалада ұлдар және қыздар командалары арасында шағын футболдан жарыс аяқталды. Жерлестеріміз екінші орынға ие болды.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив