KZ
Өскемен
+9°
небольшая облачность жел 1,8 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Шығыстың жастар командасы ат спортынан Бас жүлдені қанжығаларына байлады

25.08.2013, 18:00 111


Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында еліміздің жастар арасында ат спорты түрлерінен, оның ішінде көкпар мен аударыспақтан тоғызыншы, қызқуу мен теңге алудан жетінші чемпионаты өтті. Бес күнге созылған доданың қорытындысында Шығыс Қазақстан облысының командасы бас жүлдені жеңіп алып, еліміздің Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ақшалай сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айта кету керек, жастар арасындағы бұл чемпионатқа аталған қауымдастық 2130000 теңге көлемінде қаржы бөлген. Ұлттық спорттың төрт түрін қамтыған республика біріншілігінде біздің облыстың төрт спортшысы Ернар Басриев, Жансерік Ысқақов, Ерасыл Қуандықов, Мәсәлім Шамысхан алтыннан алқа тақса, сексен келі салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір жерлесіміз Асхат Асқаров күміс медальді иеленді.

Теңге алу сайысының нәтижесі бойынша да жеңіс тұғырының биік сатысынан көрінген шығысқазақстандық Сәлімжан Иманханға қапталдасар ешкім болмады. Ал қызқууда өскемендік Дарын Жанбасаров пен Еркеназ Ақышеваның көрсеткен өнері төрешілердің де, сырт көздің де көңілінен шығып, ең жоғары бағаға ие болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив