KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 2 м/с, СБ
467.29 501.03 5.35

Облыстың әр ауданында тұқым өсіру шаруашылықтары құрылатын болады

21.08.2013, 18:00 81


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орынбасары Владимир Кошелевке әр ауданда тұқым өсіру шаруашылықтары құрылуын қадағалау міндетін жүктеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Дүйсембай Селихановтың берген мәліметері бойынша
кейінгі үш жылда тұқым өсіру шаруашылықтарына жалпы сомасы 163,6 млн. теңгені құрайтын субсидия бөлінген. Соған қарамастан, аудандарда тұқым өсірумен айналысатын шаруашылықтар жеткіліксіз. Нәтижесінде кейбір аймақтарда дәнді дақылдардың сапасы орташа тұқымдары себілуде. Айталық, 2013 жылы Шемонайха ауданында себілген тұқымның 18 пайызы төмен сұрыпты болған.

Бұл шаруада баяндамашының пікірін толық қуаттаған облыс басшысы тұқым сапасын арттырудың өзектілігін
атап көрсетті және орынбасары Владимир Кошелевке әрбір ауданда тұқым өсіру шаруашылықтары құрылуын қадағалау міндетін жүктеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив