KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 7 м/с, Ю
443.35 475.54 4.82

Семейден Астанаға енді "Тальго" жүрдек поезы қатынайды

20.08.2013, 18:00 335


25-тамыздан бастап «Семей-Астана-Семей» жаңа теміржол маршруты ашылады.

«Тұлпар-Тальго» вагондарымен жабдықталған 63/64 жүрдек поезы 4 күнде бір рет жүреді, ол Астанаға 12 сағатта жетіп қояды», деп түсіндірді Семей вокзалының кезекшісі Айнұр Шағманова.

Кезекшінің айтуынша, поездың құрамында «Гранд» және «Бизнес» кластарының 27 вагоны, вагон-мейрамхана және эконом-класс вагондары бар.

Семейден Астанаға қатынайтын «Тальго» жүрдек маршруты республикада алтыншы маршрут. Бүгінге дейін осындай жүрдек поезд «Алматы-Астана», «Алматы – Шымкент», «Алматы- Петропавл», «Ақтөбе-Астана», «Алматы-Атырау» бағыттарына жүреді.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив