KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Шығыс Қазақстан облысында Таулы Үлбі өзенінде мұз кептелісі салдарынан өзен үстімен өтетін шағын аспалы көпірдің тас-талқаны шықты

11.03.2013, 18:00 226


Шығыс Қазақстан облысында Таулы Үлбі өзенінде мұз кептелісі салдарынан өзен үстімен өтетін шағын аспалы көпірдің тас-талқаны шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

24.kz. телеарнасы хабарлағандай, көпір қираған мезетте оның үстінде адамдар болмаған. Қазір бүлінген көпір өзен ортасында жатыр.

Көпірдің құлауы арғы беттегі балалар лагері мен демалыс базаларының күзетшілері үшін ғана қиындық туындатты. Өйткені тек жазғы маусымда ғана қызметін бастайтын ол нысандар қазір бос тұр. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өзендегі мұз қабаты қалыңдап кеткен, оның үстіне таудан көшкен қар да өзен арнасын толтыруда. «Алайда аспалы көпір қыс маусымына мүлдем дайын болмағандықтан, осылай қирап қалды»,-дейді мамандар. Айтуларынша, көпір – қаладағы белгілі бір кәсіпорынның жекеменшігі. Оған жаз-күз айларында жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілмеген. өзен ортасында жатқан көпірдің бөліктері ағысқа ешқандай кедергі келтірмейді.

"Оны алып тастаудың ыңғайлы сәтін күтіп отырмыз" дейді төтенше жағдайлар мамандары.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив