KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Суға батып кеткен ер адамның денесі бір аптадан кейін табылды

19.08.2013, 18:00 166


Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданында Ертісте 11-тамызда суға батып кеткен ер адамның денесі бір аптадан кейін табылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1958 жылы туған ер адам Зевакино ауылында 11-тамызда түнде суға түскен кезде батып кеткен.

Құтқарушылар мен аудандық полиция қызметкерлері марқұмның денесін бір апта бойы іздеді. 19-тамызда сағат 16-55-те құтқарушылар оның мәйітін жағаға алып шығып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Туған-туысқандары оны таныды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив