KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 21 жастағы қыз бала қайтыс болып, тағы үш адам жарақат алды

19.03.2013, 18:00 151


Омбы-Майқапшағай тас жолының бойындағы Суық бұлақ ауылының маңында екі көліктің қақтығысуына жол берілді. Жол-көлік апаты салдарынан 21 жастағы қыз бала қайтыс болып, тағы екі жолушы мен бір жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз мәліметіне жүгініп.

Жол сақшыларының берген деректері бойынша, Тойота Камри -25 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, алдында кетіп бара жатқан Ниссан – Премьера көлігіне соғылған. Бақытсыз жағдайдың кесірінен Камри салонында отырған 21 және 20 жастағы екі жолаушы мен Нисан-Премьера көлігінің жүргізушісі жарақат алды. Ал Камридің үшінші жолаушысы – ауыр жарақат алған 21 жастағы жас қыз Семей қаласындағы ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

Жол полицейлері апат арақашықтықты сақтамау кесірінен болды деген болжам айтады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив