KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Бесқарағайлық жастар киелі жерлерді аралап қайтты

18.08.2013, 18:00 133


Бесқарағай ауданының бір топ жастары «Киелі мұрамызға тағзым» акциясы аясында Абай ауданына саяхатқа шықты. Бұл танымдық шараны ауданның жастар орталығы Бесқарағай ауданы әкімі Н.Сыдықовтың қолдауымен
ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бесқарағайлық жастар киелі жерлерді аралап қайттыАкцияның мақсаты жас жеткіншектердің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен құрметін қалыптастыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылды.Жастар Жидебайдағы қасиетті бұлаққабарды , Бөрілі ауылындағы Мұхтар Әуэзовтың және Абай Құнанбаевтың мұражайларын аралап, Абай Құнанбаевпен Шәкәрім Құдайбердіұлының қасиетті жерлеріне тәу етті. Сонымен қатар, ұлы жазушылардың өмірлерінен алынған тарихи мәліметтермен танысып, көзге ілінген суреттер, көне киім-кешектер мен бағалы әшекейлерді тамашалады.

Бесқарағайлық жастар киелі жерлерді аралап қайтты"Қарауыл ауылында Шәкәрім Құдайбердіұлының 155-жылдығына орай өтіп жатқан жәрмеңкеге қатысып , саяхаттарын орталық алаңда мерекелік концертпен аяқтады. Туған өлкемен танысуға шыққан жастарымыз осылайша талай тамаша жерлерді аралап, өздеріне рухани азық қорын жинап қайтты деп сенемін", дейді жастар орталығы директорының міндетін атқарушы М.Табылдин.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив